Ата-аналар жиналысы жоспар бойынша күн тәртібіне қарай жылына бес жиналысы өтті Ата-аналармен жұмыс
Жыл бойы ата-аналармен байланыс тұрақты жүргізілді:
Ата-аналар жиналысы өткізілді
Ашық сабақтар ұйымдастырылды
Кеңестер мен ұсыныстар берілді
Балалардың жетістіктері туралы ақпарат беріліп отырды
Мақсаты: Балабақшамен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты күшейте отырып.отбасында балаға ата-ананың ықпалын арттыру.Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру.
Ата-ана міндеттері:Баланы ұқыпты киіндіріп әкелу,және баланы тәрбиешігетапсыру.Тек ата-анасы балабақшадан алып қайту.Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата-ананың жауапкершілігі.
Балабақшадағы «Әкелер мектебі», «Аналар мектебі», «Әжелер мектебі» бағдарламалары – отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие беруге бағытталған жоба. Бұл бағдарламалар «Біртұтас тәрбие» бағыты аясында көптеген балабақшаларда жүзеге асырылып келеді.
Бағдарламаның мақсаты
Отбасы мен балабақша байланысын күшейту;
Баланы ұлттық салт-дәстүрге, адамгершілікке тәрбиелеу;
Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру;
Ұрпақтар сабақтастығын дамыту;
Баланың жан-жақты дамуына қолдау көрсету.